Футзалдан Францияда өтіп жатқан UEFA Чемпиондар лигасының төрттік финалында "Қайрат" тарихи жетістікке қол жеткізді. Алматылықтар жартылай финалда Испанияның азулы – "Картахенасын" 3:2 есебімен тізе бүктірді.
Матчтың басты қаһарманы – Алиссон болды. Ол 16 және 36-минуттарда екі гол соқты. Ал үшінші голды 39-минутта қақпашы Деннис Кавальканти өз есебіне жазды. Испаниялық клуб сапынан Мигель Анхель Мельядо (20-мин) және Габриэль Мотта (40-мин, пенальтиден) мергендік танытты.
Айта кетейік, ойын алдындағы басты фаворит деп "Картахена" есептелген. Сондықтан бұл жеңіс нағыз сенсация саналады.
Финалда "Қайрат" португалиялық "Спортинг" пен испаниялық "Пальма» арасындағы жеңімпазбен кездеседі. Бұл екі команда футзал әлеміндегі танымал ұжымдар қатарында.