
Перу астанасы Лимада жасөспірімдер мен юниорлар арасында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтіп жатыр.
Ксения Прозорова — Алматы облысынан шыққан ауыр атлетикадағы вундеркинд. Жас болса да, үлкендердің екі бірдей Қазақстан чемпионатын жеңіп үлгерген. Енді міне, ол өзінің алғашқы әлем чемпионатында қарсылас шақ келтірмей, алтын медальді қанжығасына байлады.
59 келі салмақ дәрежесі бойынша нәтиже:
Бұған дейін чемпионатта қызылордалық Бейбарыс Ерсеит (алтын медаль) пен Ернұр Мырзахмет (қола медаль) жүлде алып, елдің мерейін үстем еткен еді. Енді бұл жетістікті Ксения Прозорова жалғастырып отыр. Бұл Қазақстан үшін чемпионаттағы екінші алтын медаль.