Алмас Өтешов Қызылордада жаңа қызметке кірісті

Редактор Penalty.kz
14.06.2025, 12:00

Ауыр атлетикадан ел абыройын асқақтатқан Алмас Өтешов жауапты лауазымға тағайындалды. 

фото ашық дереккөздерден алынды

Танымал спортшы — енді басшылықта

ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, екі дүркін әлем чемпионатының күміс жүлдегері әрі Азия ойындарының күміс иегері Алмас Өтешов 2025 жылғы 12 маусымнан бастап Қызылорда облысы спорт басқармасына қарасты "Олимпиадалық резерв даярлау орталығы" КММ директорының орынбасары қызметіне ресми түрде кірісті.

Бұған дейін қандай қызметте болды?

Жаңа лауазымға дейін Алмас Өтешов "Мұз айдыны" мекемесінде әдіскер ретінде жұмыс істеп, спорт саласында тәжірибесін толықтырған болатын. Осылайша, бес айдан аса уақыт бойы аймақтың спорт инфрақұрылымына үлес қосып келді.

Ресми құттықтау

Басқарма таратқан ақпаратта былай делінген:

"Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаевтың бұйрығымен Алмас Өтешов Олимпиадалық резерв орталығына директордың орынбасары болып тағайындалды. Біз оны жаңа қызметімен құттықтаймыз!"