UFC-дегі Қазақстан мақтанышы Алматы облысының прокуроры Берік Адамовпен кездесті. Екеуара әңгіме жастар тәрбиесі, нашақорлықпен күрес және салауатты өмір салтын насихаттау тақырыптарына арналды.
Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов Алматы облысының прокуроры Берік Адамовпен кездесті. Бұл кездесу құқықтық тәрбие, жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау тақырыптарына арналды. Бұл туралы Offside.kz хабарлады.
Берік Адамов Шавкат Рахмоновпен әңгіме барысында өңірде қолға алынған бастамалар туралы баяндады:
Прокуратура есірткімен күрес бойынша нақты шаралар атқарған:
Кездесу соңында Шавкат Рахмоновқа «Қабырға артындағы балалық» атты деректі фильм көрсетілді. Бұл туынды — есірткі қылмысы үшін сотталған жасөспірімдердің тағдыры туралы.
Шавкат Рахмонов жастар тәрбиесі мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлес қосуға дайын екенін білдірді. Ол спорт арқылы жақсы құндылықтарды насихаттаудың маңыздылығын атап өтті.
«Белгілі спортшылармен жұмыс — жастарға заң мен тәртіптің маңызын жеткізудің ең тиімді жолы», — деді Берік Адамов.