Өзбекстандық гимнаст, Олимпиада чемпионы Оксана Чусовитина 50 жасқа толса да үлкен спорттан кеткен жоқ. Ол туған қаласы Ташкентте өткен Challenge Cup кезеңінде екінші орын иеленіп, жас спортшыларға бәсеке көрсетті. Гимнастика тарихында ешкім мұндай жасқа жетіп, әлі де халықаралық ареналарда өнер көрсетіп көрген емес.
Оксана Чусовитина жарыстан кейін эмоцияларын айтты:
“Мен бірінші орын алмағаныма мүлде ренжіп тұрғаным жоқ. Қайта туған Ташкентімде өнер көрсетіп, өз жанкүйерлерімнің алдында өнер көрсеткеніме қуаныштымын. Қазір мен үшін орындар емес, өзімді көрсету және елді қуантудың маңызы жоғары. Әрине, жүлде алу жақсы, бірақ жастармен тең дәрежеде бәсекеге түсе алу – басты жетістік”.
Оксана Чусовитина алдағы төрт жылда тағы бір тарихи межеге жетуді көздеп отыр. Ол Лос-Анджелесте өтетін Олимпиадаға қатыспақ. Бұл оның тоғызыншы Олимпиадасы болуы мүмкін.
“Лос-Анджелес-2028 менің арманым және мақсатым. Бұл жоспар менің ойымда тұр. Оған дейін әлі уақыт бар. Мүмкін болмай қалар, бірақ әрекет етемін. Ештеңеге өкінбеймін”, – деді спортшы шын көңілмен.
Оксана Чусовитина — гимнастика әлеміндегі аңыз тұлға. Оның спорттық мансабы келесі жетістіктермен өрілген:
Ол алғаш рет Олимпиадаға 1992 жылы Барселонада қатысқан. Содан бері сегіз Олимпиадада қатарынан бақ сынаған.