Қазақстандық гимнасшылар Ташкентте үш медаль жеңіп алды

Сарапшы, спорт журналисі

Ташкентте өткен Challenge Cup жарысының финалдық кезеңінде спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасы үш жүлде еншіледі. 

Қазақстандық гимнасшылар Ташкентте үш медаль жеңіп алды
olympic.kz

Ерлер арасындағы бәсеке: қос жүлде – қос қуаныш

Қоссырықтағы жаттығуларда Ілияс Әзизов 13.100 ұпаймен күміс медаль еншіледі. Ал Дмитрий Патанин 12.700 нәтижемен қола жүлде иемденді.

Бұл бағдарламада өзбекстандық Ахрорхон Темирхонов (13.550 ұпай) жеңімпаз атанды. 

Көркем Ербосынқызы – үздік үштікте

Бөрене үстіндегі жаттығуда өнер көрсеткен Көркем Ербосынқызы 12.100 ұпаймен қола жүлдегер атанды.

Бұл бағдарламадағф нәтижелер мынадай:

  1. Кайлия Немур (Алжир) — 13.300
  2. Одинахон Робиджонова (Өзбекстан) — 12.500
  3. Көркем Ербосынқызы (Қазақстан) — 12.100
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір