"Қайраттың" жаңа бас бапкері белгілі болды
13.08.2025, 18:16
"Қайрат" футзал клубы жаңа маусымға жаңа бас бапкермен кіріседі. Команданы бразилиялық маман Даниэль Жуниор басқармақ. Бұл туралы клубтың Instagram парақшасында ресми жарияланды.
vesti.kz
Бразилиядан – Алматыға
Даниэль Жуниор бұған дейін Бразилияның “Кампо Мурао” футзал клубы тізгінін ұстаған. Енді ол Алматы ұжымымен бірге жаңа мақсаттар мен жеңістерге ұмтылады.
Клуб басшылығы жаңа бапкерге сәттілік тілеп, бірлескен жұмыс жемісті боларына сенім білдірді.
Алдыңғы бапкер
Осыған дейін «Қайратты» испан маманы Марлон Веласко жаттықтырған еді. Оның жетекшілігінде алматылықтар бірқатар маңызды жетістіктерге қол жеткізді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама