ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

Чемпион балуан Исхар Құрбаевқа жаңа көлік берілді

Грек-рим күресінен жастар арасында әлем және Азия чемпионы атанған Исхар Құрбаев туған жерінде үлкен құрметке бөленді. Белгілі меценат, халық қалаулысы Нұртай Сабильянов бастаған Абай облысы, Аягөз ауданы, Шыңқожа батыр ауылының тұрғындары жас спортшыға су жаңа көлік тарту етті.

Чемпион балуан Исхар Құрбаевқа жаңа көлік берілді
instagram/@sportbugin

Азия біріншілігінен кейінгі қуанышты сәт

Вьетнамда өткен жастар арасындағы Азия чемпионатынан кейін ауылдастары талантты балуанды жеңісімен құттықтап, қымбат сый ұсынды. Көліктің кілтін ауылдастары атынан Нұртай Сабильянов табыс етті.

Чемпионның алғысы

Исхар Құрбаев:
“Нұртай Салихұлы бастаған ауылдастарыма шексіз ризашылығымды білдіремін. Су жаңа көлік сыйлап, үлкен қуаныш сыйладыңыздар. Алақандай ауылымның бұл ықыласы – мен үшін ең қымбат сый. Бұл жеңісімді өзім оқыған мектептің 100 жылдығына арнаймын.

Балуандарға демеу болып жүрген жандарға басымды иемін. Сіздер артқан сенімді ақтау үшін дүбірлі додалардан жеңіспен оралуға бар күшімді саламын. Сондай-ақ, әрдайым жанашыр болып, қолдау көрсетіп жүрген Марат Алиманов ағама да алғыс айтамын”.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.