"Челси" және Чехия құрамасының аңызға айналған қақпашысы Петр Чех 22 жыл отасқан жұбайы Мартинамен ресми түрде ажырасты. Бұл жаңалықты спортшы әлеуметтік желіде жариялады.
Чехтің айтуынша, олар 26 жыл бірге өмір сүрген, енді достық қарым-қатынасты сақтап, екі баласын бірге тәрбиелей бермек.
“26 жыл бірге болғаннан кейін Мартинамен айырылысатынымызды ауыр көңілмен хабарлаймыз. Біз әлі де ең жақсы достармыз және екі керемет баламызбен мақтанамыз”, – деп жазды Петр Чех.
Петр мен Мартина 1999 жылы танысып, 2003 жылы шаңырақ көтерді. Үнемі бірге жарыққа шығып, спорттық ареналарда бір-бірін қолдаған жұп үлгілі отбасы ретінде танылды.
Олардың екі баласы бар:
Отбасы жеке өмірін құпия ұстап, даулар мен артық назардын ортасында болмауға тырысты.
2004 жылы “Челсиге” 10,3 млн еуроға ауысып, әлемдегі үздік қақпашылардың біріне айналды:
2015–2019: “Арсеналда” ойнап, тағы бір Англия кубогы мен екі суперкубок иеленді.
2019 жылы мансабын аяқтаған соң, Чех “Челсиге” спорт директоры болып оралды. Сонымен қатар хоккейден “Гилдфорд Феникс” және “Белфаст Джайантс” клубтарында қақпашы ретінде бақ сынады.