ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

Қазақстан XII Дүниежүзілік ойындарында қола жүлде иемденді

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан XII Дүниежүзілік ойындарында Қазақстан қоржыны тағы бір жүлдемен толықты.

Қазақстан XII Дүниежүзілік ойындарында қола жүлде иемденді
Спортты дамыту дирекциясы

Спорттық құзға өрмелеудің жылдамдық (Speed 4) санатында ел намысын қорғаған Ришат Хайбуллин алғаш рет қола медаль жеңіп алды.

Жарыс нәтижелері:

  1. Джиан Гуо Лонг — 4,74 секунд
  2. Киромал Катибин — 4,81 секунд
  3. Ришат Хайбуллин — 4,83 секунд

Тарихи жетістік

Спорттық құзға өрмелеу 2005 жылдан бері Дүниежүзілік ойындар бағдарламасында бар. Қазақстан спортшылары бұл сынға тек 2022 жылы Бирмингемде (АҚШ) және 2025 жылы Чэндуде (Қытай) қатысты. Араға 20 жылға жуық уақыт салып, алғаш рет жүлдегерлер қатарынан көріну — еліміз үшін тарихи жетістік.

Бұған дейінгі нәтиже

2022 жылғы Дүниежүзілік ойындарында Ришад Хайбуллин жылдамдық жарысында 6-орынға тұрақтаған еді.

Ертең Ришат Хайбуллин, Әмір Маймұратов, Дамир Тоқтаров және Бекнұр Алтынбеков командалық эстафетада бақ сынайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.