Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Челси" аңызы 22 жылдан кейін жарымен ажырасты

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 17:05

"Челси" және Чехия құрамасының аңызға айналған қақпашысы Петр Чех 22 жыл отасқан жұбайы Мартинамен ресми түрде ажырасты. Бұл жаңалықты спортшы әлеуметтік желіде жариялады.

tengrisport.kz
tengrisport.kz

Футбол аңызы отбасылық өмірін аяқтады

Чехтің айтуынша, олар 26 жыл бірге өмір сүрген, енді достық қарым-қатынасты сақтап, екі баласын бірге тәрбиелей бермек.

“26 жыл бірге болғаннан кейін Мартинамен айырылысатынымызды ауыр көңілмен хабарлаймыз. Біз әлі де ең жақсы достармыз және екі керемет баламызбен мақтанамыз”, – деп жазды Петр Чех.

Махаббат тарихы мен отбасы

Петр мен Мартина 1999 жылы танысып, 2003 жылы шаңырақ көтерді. Үнемі бірге жарыққа шығып, спорттық ареналарда бір-бірін қолдаған жұп үлгілі отбасы ретінде танылды.

Олардың екі баласы бар:

  • Дамиан (2005 ж.)
  • Адела (2008 ж.)

Отбасы жеке өмірін құпия ұстап, даулар мен артық назардын ортасында болмауға тырысты.

Петр Чехтің футбол жолы

  • Туған жылы: 20 мамыр 1982 жыл, Чехия.
  • Мансабын ”Виктория” (Пльзень) клубында жартылай қорғаушы ретінде бастаған, бірақ 10 жасында жарақаттан кейін қақпашыға ауысқан.
  • 1999–2001: “Хмель” клубында дебют жасап, кейін “Спартада” 855 минут бойы гол жібермеу рекордын орнатты.
  • 2002: Францияның “Ренн” клубында өнер көрсетіп, Лига 1-ден құтқаруға көмектесті.

2004 жылы “Челсиге” 10,3 млн еуроға ауысып, әлемдегі үздік қақпашылардың біріне айналды:

  • 4 мәрте АПЛ чемпионы
  • 4 Англия кубогы
  • 3 Кубок лигасы
  • ЧЛ (2012) және Еуропа лигасы (2013) жеңімпазы

2015–2019: “Арсеналда” ойнап, тағы бір Англия кубогы мен екі суперкубок иеленді.

Ұлттық құрамадағы жетістіктері

  • Чехия құрамасында 124 матч өткізіп, рекорд орнатты.
  • 4 Еуропа чемпионаты мен 1 әлем чемпионатына қатысты.

Футболдан кейінгі өмір

2019 жылы мансабын аяқтаған соң, Чех “Челсиге” спорт директоры болып оралды. Сонымен қатар хоккейден “Гилдфорд Феникс” және “Белфаст Джайантс” клубтарында қақпашы ретінде бақ сынады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір