Ол 10 метрлік пневматикалық винтовкадан ату бағдарламасында финалда 250,1 ұпай жинап, қарсыластарын артта қалдырды.
Шымкентте өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатында қазақстандық спортшы Ислам Сәтпаев топ жарды.
Олимпиаданың қола жүлдегері Ислам Сәтпаев 10 метрлік пневматикалық винтовкадан ату бағдарламасында алтын медаль иеленді. Финалда ол 250,1 ұпай жинап, қарсыластарын басып озды.
Күміс жүлде 249,8 ұпай еншілеген қытайлық Лу Динкэге бұйырса, қола медальді оңтүстіккореялық Пак Хаджун (228,7 ұпай) иеленді.
Айта кетейік, Ислам Сәтпаев – 2024 жылғы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері. Бұған қоса ол Мюнхенде өткен Әлем кубогының кезеңінде үздік ондыққа енген болатын.