Ол жаһандық додада өрескел ереже бұзған.
14 жастағы камерундық жүзгіш Леоннель Месси Нгуичи Кома әлем чемпионатынан ресми түрде дисквалификация алды. Бұл туралы Championat.com хабарлады.
Жас спортшы Румынияның Отопени қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 50 метрге арқамен жүзу жарысында старт ережесін бұзғаны үшін жарыстан шеттетілді.
Бұл біріншілікте 14–17 жас аралығындағы қыздар мен 15–18 жастағы ұлдар бақ сынайды. Жас мөлшері 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін есепке алынады.
Айта кетейік, Отопениде өтіп жатқан жасөспірімдер додасына биылғы ересектер арасындағы әлем чемпионатына қатысқан бірнеше спортшы да келген. Олардың қатарында:
Леоннель Мессидің жарыстан шығарылуы жасөспірімдер чемпионатына үлкен назар аудартты. Себебі оның аты әлем футболының жұлдызы Лионель Мессимен ұқсас болғандықтан, оқиға әлемдік БАҚ-та кеңінен талқылануда.