Қарағанды облыстық футбол федерациясы алдағы төрт жылда Қазақстандағы ең қомақты бюджетке ие болмақ.
Тимур Турловтың командасы ұсынған слайдтарға сүйенсек, федерацияға 5 миллиардтан астам теңге бөлінеді. Бұл – бұрын-соңды аймақтық футбол федерацияларына берілмеген көлем. Тіпті барлық өңірлердің он жылдық қаржысын қосқанда да мұндай сома шықпайды.
Бұл қаражат тек инфрақұрылым құрылысына емес, сонымен қатар:
Жалпы сомадан 2 миллиард теңгеден астамы тек осы мақсаттарға жұмсалатыны белгілі болды.
"Жетісу" ФК бас бапкері Самат Смақов бұл жаңалыққа әзіл-қалжың араластыра пікір білдірді. Оның айтуынша, Қазақстан Премьер-лигасындағы (ҚПЛ) кейбір футболшылар мен төрешілер уақыт өте келе Қарағанды чемпионатына ауысуы ғажап емес. Тіпті Смақовқа бір әуесқой клубты жаттықтыру ұсынылғандай болып, өзі де күлкімен "директорлыққа сұрана қоям ба?" деп қалжыңдады.