Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Түркістандағы спорт нысаны: Есу арнасы есігін айқара ашты

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 13:59

Халықаралық стандарттарға толық сәйкес келетін бірегей нысан енді әлемдік деңгейдегі жарыстарды қабылдап, өңір спортын жаңа белеске көтермек.

yujanka.kz
Реклама
Реклама

Жаңа есу арнасы Халықаралық каноэ федерациясы (ICF) мен Халықаралық академиялық есу федерациясының (FISA) талаптарына сай тұрғызылған. Бұл нысан тек Қазақстан үшін ғана емес, күллі Орталық Азия үшін теңдесі жоқ спорттық инфрақұрылым саналады.

Ашылу салтанатына арнайы келген ICF президенті Томас Кониеццко арнаны жоғары бағалап, оның болашағы зор екенін атап өтті.

Министрдің пікірі

«Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміздегі ең ірі спорт нысандарының бірін ашып отырмыз. Мұнда халықаралық турнирлер өткізіп қана қоймай, қала тұрғындарына да спортпен шұғылдануға мүмкіндік беріледі. Волейбол, футбол, баскетбол алаңдары мен жағажай аймағы да қарастырылған», – деді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.

Бүгінде еліміздің 12 өңірінде академиялық есу, байдарка мен каноэ және есу слаломымен 6 131 адам жүйелі түрде айналысады. Оларға 174 жаттықтырушы тәлім беріп жүр.

Бұл спорт түрі – Олимпиададағы ең медальды бағыттардың бірі. Тек бір ғана додада 14 жиынтық медаль сарапқа салынады, ал әлем чемпионаттарында 20-дан астам бағдарлама бар.

Фото: Verbum.kz

Түркістандағы арнаның ерекшелігі

Жаңа нысанның жалпы аумағы – 100 гектар, ұзындығы – 2,5 шақырым. Арна академиялық есу мен каноэ жарыстарын, сондай-ақ Әлем және Азия кубогын қабылдауға толықтай дайын.

Сонымен қатар:

  • Қаладағы суармалы жүйеге су жеткізіледі;
  • Жасыл белдеуді суару мүмкіндігі қарастырылған;
  • 1 шақырымдық қалалық жағажай салынды;
  • Қонақ үй және көрермендерге арналған трибуналар бар.

Бұл жоба Түркістанның спорттық, туристік және экологиялық дамуына серпін береді. Есу арнасы ұлттық құрамаларды дайындайтын және жас спортшыларға жол ашатын негізгі орталыққа айналмақ.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары