Ойын Фазано қаласында өтеді, ал жанкүйерлер үшін кездесуді тікелей эфирде «Qazsport» арнасы көрсетеді.
Қазақстан футзал құрамасы бүгін Италияға қарсы плей-офф кезеңінің алғашқы матчын өткізеді. Ойын 18 қыркүйек күні түнгі 23:00-де басталады. Қарымта кездесу 23 қыркүйекте Астанада өтеді.
Плей-оффта өз топтарында екінші орын алған сегіз құрама бақ сынайды. Қос матч қорытындысы бойынша төртеуі Еуроға жолдама алады. Ал басты құрлықтық дода 2026 жылдың 20 қаңтары мен 7 ақпаны аралығында Латвия, Литва және Словенияда ұйымдастырылады.
Қос құрама бұған дейін үш рет кездескен:
Жалпы статистика: 3 матч – 2 жеңіс Қазақстан, 1 жеңіс Италия. Голдар: 9–10.
Бұл деректер Қазақстан құрамасының Италияға қарсы соңғы жылдары басым түсіп жүргенін айқын дәлелдейді.