
Әлемнің 80 елінен жиналатын 3 мыңға жуық мықтымен бәсекеге түсетін қазақстандық спортшылар кешенді дайындықтан өтіп, елге жаңа медальдар сыйлауды мақсат етіп отыр.
79 қазақстандық спортшы 2025 жылғы Сурдлимпиада ойындарына жолдама алды. Жарыс биыл алғаш рет Жапония астанасы Токиода өтеді.
XXV Сурдлимпиада ойындары есту қабілеті шектеулі спортшыларға арналған ең ірі халықаралық жарыс. Додаға 80 елден 3 мыңға жуық спортшы қатысады. Олар 21 спорт түрінен жүлде үшін бақ сынайды.
Қазақстан құрамасы 8 спорт түрінен өнер көрсетеді:
Министрліктің мәліметінше, қазақстандық спортшыларға арналған дайындық жоспары ауқымды. Барлығы 21 оқу-жаттығу жиыны қарастырылған, оның 11-і өтті, қалғаны жақын күндері ұйымдастырылады.
«Біздің спортшылар толық медициналық тексеруден өтті, қажетті дәрумендермен қамтамасыз етілді. Жаттығу жүйесі олардың бар мүмкіндігін ашуға бағытталған. Сенімдіміз, Токио төрінде ел намысын лайықты қорғайды», – деді ҚР Туризм және спорт министрлігіне қарасты комитет өкілі Марат Қасқырбаев.
Алғашқы ойын 1924 жылы Парижде өткен. Қазақстан құрамасы Сурдлимпиадаға 1997 жылдан бері қатысып келеді. Осы аралықта ұлттық команда 42 медаль иеленді: 8 алтын, 8 күміс және 26 қола.
2022 жылы Бразилияда өткен XXIV жазғы ойындарда Қазақстан тарихындағы ең үздік нәтижесін тіркеді – 29 медаль (4 алтын, 7 күміс, 18 қола). Бұл көрсеткішпен 73 елдің ішінде 13-орынға тұрақтады.