Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Ағайынды Сабырхандар, Айбек Оралбай мен басқалар Президент атынан марапатталды

Сарапшы, спорт журналисі
18.09.2025, 19:43

Қасым-Жомарт Тоқаев Ливерпульдегі әлем чемпионатында топ жарған қазақстандық боксшыларды мемлекеттік марапаттармен атап өтті.

Ағайынды Сабырхандар, Айбек Оралбай мен басқалар Президент атынан марапатталды
Instagram/@aqordapress

«Құрмет» орденінің иегерлері

Президенттің Жарлығымен бірқатар спортшы мен жаттықтырушы «Құрмет» орденімен марапатталды:

  1. Ислам Әбдірайымов – Қарағанды облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің бокс жаттықтырушысы.
  2. Аида Әбікеева – ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы.
  3. Алуа Балқыбекова – спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы.
  4. Наталья Богданова – спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы.
  5. Дастан Қабденов – Солтүстік Қазақстан облысы жоғары спорт шеберлігі мектебінің бокс жаттықтырушысы.
  6. Нұржан Насанов – спортты дамыту дирекциясының бокс жаттықтырушысы.
  7. Айбек Оралбай – спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы.
  8. Ілияс Оралбеков – Шымкент қалалық №12 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы.
  9. Махмұд Сабырхан – спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы.
  10. Төрехан Сабырхан – спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы.
  11. Елдос Сайдалин – Қазақстан ұлттық бокс құрамасының бас бапкері.
  12. Қайрат Сәтжанов – Қазақстан ұлттық бокс құрамасының бас бапкері.
  13. Санжар Тәшкенбай – спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы.

«Ерен еңбегі үшін» медалін иеленгендер

Сонымен қатар спорт саласындағы жетістіктері үшін бірқатар маман медальмен марапатталды:

  1. Виктория Графеева – спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы.
  2. Нұрлан Мұхамбетқалиев – Алматы қаласындағы №6 мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің бапкер-оқытушысы.
  3. Елдана Тәліпова – спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы.

Президенттің алғысы жарияланғандар

Мемлекет басшысы сондай-ақ бірнеше маманға алғыс білдірді:

  1. Асқар Еркебаев – спортты дамыту дирекциясының бокс жаттықтырушысы.
  2. Назым Қызайбай – спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы.
  3. Долқунжан Кәмеков – спортты дамыту дирекциясының бокс жаттықтырушысы.

World Boxing ұйымының аясында өткен алғашқы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Жерлестеріміз 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір