Қазақстандық жеңілатлет Нора Джеруто мәреге жетпей құлап қалды
Нора Джеруто Токиода өтіп жатқан әлем чемпионатында сәтсіздікке ұшырады.
NUR.kz
Қайғылы сәт
Токио төрінде өткен 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру финалында Нора Джеруто жүлдеден қағылды.
Қазақтандық спортшы соңғы айналымға дейін үздіктер қатарында болып, үшінші орынға жайғасқан еді. Алайда шешуші сәтте – соңғы кедергіден секіру кезінде сүрініп құлады. Соның салдарынан ол бірнеше қарсыласын алға жіберіп, 6-орынмен (9:06.34) мәреге жетті.
Жарыс жеңімпаздары:
- Фейт Черотич (Кения) – 8:51.59 (чемпионат рекорды)
- Уилфред Яви (Бахрейн) – 8:56.46
- Сембо Алмайю (Эфиопия) – 8:58.86
Джерутоның жетістігі мен үміт
Айта кетейік, Нора Джеруто 2022 жылы осы қашықтықта әлем чемпионы атанып, Қазақстан тарихындағы алғашқы жеңілатлетикадан әлем чемпионы болды.
Биылғы турнирде Қазақстан намысын қорғайтын келесі спортшы – Ясмина Тоқсанбаева. Ол 20 шақырымдық спорттық жүрісте сынға түседі.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet