
Қазақстандағы халықаралық турнир кезінде жарақат алған 15 жастағы спортшы өмірден өтті.
7 қыркүйекте Ақмола облысының Ерейментау қаласында Перуаш Кәрімұлының құрметіне арналған қазақ күресінен X халықаралық турнир өтті. Осы жарыс барысында Ақтөбеден келген 15 жастағы жас балуан ауыр жарақат алды.
Куәгерлердің айтуынша қарсыласын лақтыру сәтінде спортшы мойынын қайырып алып, басына да зақым келген.
Жасөспірім бірден ауруханаға жеткізіліп, кейін Астанаға тасымалданды. Дәрігерлер бірнеше күн бойы оның өмірін сақтап қалуға бар күшін салғанымен өкінішке қарай балуан көз жұмды. Қайтыс болған спортшының денесі Ақтөбеге жеткізіліп, туыстары жерлеу рәсіміне дайындалып жатыр.
Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Құзырлы органдар жарыстың ұйымдастырылуы мен қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексеруде.