«Құрмет» орденінің иегерлері
Президенттің Жарлығымен бірқатар спортшы мен жаттықтырушы «Құрмет» орденімен марапатталды:
	- Ислам Әбдірайымов – Қарағанды облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің бокс жаттықтырушысы.
 
	- Аида Әбікеева – ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы.
 
	- Алуа Балқыбекова – спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы.
 
	- Наталья Богданова – спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы.
 
	- Дастан Қабденов – Солтүстік Қазақстан облысы жоғары спорт шеберлігі мектебінің бокс жаттықтырушысы.
 
	- Нұржан Насанов – спортты дамыту дирекциясының бокс жаттықтырушысы.
 
	- Айбек Оралбай – спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы.
 
	- Ілияс Оралбеков – Шымкент қалалық №12 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы.
 
	- Махмұд Сабырхан – спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы.
 
	- Төрехан Сабырхан – спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы.
 
	- Елдос Сайдалин – Қазақстан ұлттық бокс құрамасының бас бапкері.
 
	- Қайрат Сәтжанов – Қазақстан ұлттық бокс құрамасының бас бапкері.
 
	- Санжар Тәшкенбай – спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы.
 

«Ерен еңбегі үшін» медалін иеленгендер
Сонымен қатар спорт саласындағы жетістіктері үшін бірқатар маман медальмен марапатталды:
	- Виктория Графеева – спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы.
 
	- Нұрлан Мұхамбетқалиев – Алматы қаласындағы №6 мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің бапкер-оқытушысы.
 
	- Елдана Тәліпова – спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы.
 
Президенттің алғысы жарияланғандар
Мемлекет басшысы сондай-ақ бірнеше маманға алғыс білдірді:
	- Асқар Еркебаев – спортты дамыту дирекциясының бокс жаттықтырушысы.
 
	- Назым Қызайбай – спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы.
 
	- Долқунжан Кәмеков – спортты дамыту дирекциясының бокс жаттықтырушысы.
 
World Boxing ұйымының аясында өткен алғашқы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Жерлестеріміз 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.