Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Өзбекстанда әлем чемпионатының қаһармандарына автокөлік пен сыйақы берілді

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 07:31

Өзбекстан спортшылары әлем чемпионаттарында (бокс, ауыр атлетика, байдарка мен каноэде есу) жоғары нәтиже көрсеткені үшін салтанатты түрде марапатталды. Оларға BYD маркалы автокөліктер мен біржолғы ақшалай сыйақылар табысталды. 

Instagram/@boxinguzbekistan_official
Реклама
Реклама

Президенттің марапаты

Марапаттау рәсіміне Президенттің спорт мәселелері жөніндегі өкілі Один Абдурахманов, Спорт министрі Адхам Икрамов, сондай-ақ Ұлттық Олимпиада комитеті төрағасының бірінші орынбасары Отабек Умаров қатысты. Олар жеңімпаз спортшылар мен бапкерлерді құттықтап, алдағы жетістіктеріне сәттілік тіледі.

Спортшылар мен бапкерлер атынан сөз сөйлеген Руслан Нурудинов, Абдумалик Халоков, Тулкин Киличев, сондай-ақ Жавохир Умматалиевтің әкесі Туробжон Умматалиев мемлекет басшысына ризашылығын білдірді. Олар ел спортына көрсетіліп отырған жоғары қолдау мен құрметтің маңызын атап өтті.

Әлем чемпионатындағы жетістік

Еске сала кетейік, бокстан әлем чемпионатында Өзбекстан құрамасы 6 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. Жалпыкомандалық есепте Қазақстаннан кейінгі екінші орынға тұрақтады. Ал Өзбекстанның ерлер құрамасы жеке есепте бірінші орынды иеленді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары