Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Тағы бір аңыз ойыншы ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады

Сарапшы, спорт журналисі
25.09.2025, 20:01

Футзалдан Қазақстан құрамасының және Сауд Арабиясының «Аль-Ула» клубының қорғаушысы Дуглас Жуниор ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.

vesti.kz
Реклама
Реклама

Дуглас Жуниор қоштасу шешімін жариялады

Футзалшы Instagram парақшасында жанкүйерлеріне арнайы видеоүндеу жасап:

«Сәлем, достар! Барлығы жақсы ма? Қазір үйдемін, сабырлы күйдемін. Қазақстан құрамасындағы мансабым осы кезеңде аяқталды. Бұл шешім 23-ші күнгі жеңіліске немесе Еуропа чемпионатына жолдама ала алмағанымызға байланысты емес. Отбасыммен ақылдасып, біраз уақыт бұрын қабылдаған саналы шешімім. Біз үшін, мансабым үшін ең дұрысы – осы циклді аяқтау деп шештік. Әр кезеңнің өз уақыты бар, менің кезеңім де аяқталды. Бұл 10 жыл – кәсіби әрі жеке өмірімдегі ең керемет кезең болды деп сеніммен айтамын», – деді Жуниор.

Дуглас Жуниор ұлттық құрамаға келген сәтін еске алды:

«Алғашқы күннен бастап, Боснияға қарсы дебютімде (4:2) екі гол соғып, біз жеңіске жеттік. Сол сәттен бастап біз бірге тарих жазатынымызға сендім.
Қазақстан халқының жылы қабылдауы, көшеде кездескен жанкүйерлердің қолдауы – мұның бәрі жүрегімде мәңгі қалады. Әрқашан Қазақстан құрамасын қолдаймын! „Қай атақ жетпеді – Еуропа ма, әлде Әлем чемпионаты ма?“ деген сұрақ қойылды. Мен үшін ең үлкен жеңіс – осы құраманың бір бөлігі болу және қазақстандық футзалдың дамуына үлес қосу», – деді ол.

Жуниор жеке алғысын Какауға, Қайрат Оразбековке, Андрей Мищенкоға және өзіне сеніп шақырған барлық бапкерлерге, сондай-ақ әріптестеріне жеткізді.

10 жылдық тарих

2014 жылы Қазақстанға келген бразилиялық қорғаушы ұлттық құрама сапында әлемдік деңгейдегі жарыстарда өнер көрсетіп, жанкүйерлер жүрегін жаулап алды. Оның айтуынша, Қазақстандағы 10 жыл – мансабындағы ең жарқын кезең.

«Алға, Қазақстан!» – деп аяқтады өз сөзін Дуглас Жуниор.

Дуглас Қазақстан құрамасындағы үздік сұрмерген саналады. Оның еншісіне 91 матчта 65 гол жазылған. Сонымен қатар ол сегіз дүркін ел чемпионы және он дүркін Қазақстан кубогының иегері.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шыңғыс Есенаманов та ұлттық құрамадағы мансабын аяқтағанын жариялаған. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары