Алматыға мадридтік «Реал» келеді. Алайда жанкүйерлердің басты тақырыбы – футбол емес, билет дауы болып тұр.
Чемпиондар лигасының тарихи сәті жақындап қалды – Алматыға мадридтік «Реал» келеді. Алайда жанкүйерлердің басты тақырыбы – футбол емес, билет дауы болып тұр.
Алматыдағы басты спорттық оқиғаның билеттері көзді ашып-жұмғанша сатылып кеткен. Ресми сатылымда үлгермегендер енді алыпсатарлардың қолына қарауда. Қазір нарықтағы ең төменгі баға – мың доллар шамасында. Бұл қарапайым жанкүйер үшін қолжетпес сомаға айналғаны ЖБ Шоудың кезекті шығарылымында сөз болды.
Ең қызығы – «Қайрат» клубының қожайыны Қайрат Боранбаевтың өзінде де артық билет жоқ екен. Осыған байланысты журналист Ермұхамед Мәулен клуб иесінің өзі достарына немесе таныстарына тарататын қосымша билет таба алмай отыр, бір әзілдеді.
ЖБ-шоудың соңғы шығарылымында әңгіме «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы дебюті – Лиссабонда «Спортингке» қарсы өткен матч жайлы өрбіді. Ермұхамед Мәулен мен Әлімжан Асқардың Португалияға жасаған сапарындағы қызық оқиға бойынша сөз етті.
Алдымен Мадридтегі таксистің тосын қылығы, кейін Лиссабондағы матч алдындағы атмосфера – барлығы киноға сұранып тұрған сюжет іспетті.