Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Ұлттық құрамадан кеткен Кака жаңа клуб тапты

Сарапшы, спорт журналисі
09.11.2025, 18:35

Футзалдан Қазақстан құрамасының экс-бас бапкері Пауло Рикардо Кака жаңа қызмет орнына орналасты.

фото ашық дереккөздерден алынды
Реклама
Реклама

Ресей Суперлигасында жұмыс істейді

Futsal Kazakhstan Instagram парақшасының жазуынша, бразилиялық маман келесі маусымда Ресейдің «ИрАэро» клубында жұмыс істейді. Қазір ол Иркутск қаласында жүр. Ертең өтетін кездесуде тараптар келісімшартқа қол қоюды жоспарлап отыр. 

Қазақстандағы жетістіктері

Кака 2018 жылдан бастап Қазақстан құрамасын баптап, ел футзалының дамуына зор үлес қосты. Оның жетекшілігімен біздің ұлттық құрама Еуропа мен әлемдік деңгейдегі жарыстарда тұрақты түрде жоғары нәтижелер көрсетті.

Сол кезеңде Кака алматылық «Қайрат» клубының да бас бапкері болып, 2018–2023 жылдары командамен бірге бірнеше мәрте ел чемпионы атанды және УЕФА Кубогында жарқын ойындар көрсетті.
48 жастағы бапкер бұған дейін Әзербайжанның «Нефтчи» және Ресейдің «Газпром-Югра» командаларын жаттықтырған.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары