Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Өміріме қауіп төніп тұрған соң…» — Танымал файтер полиция тарапынан соққы көргенін айтты

Сарапшы, спорт журналисі

«Палач» лақап атымен танымал петропавлдық файтер Дамир Әлкешев полиция қызметкерлері тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырағанын мәлімдеді.

«Өміріме қауіп төніп тұрған соң…» — Танымал файтер полиция тарапынан соққы көргенін айтты
instagram/@alkeshev.damir

Оқиға қалай болған?

Полиция мәліметіне сүйенсек, оқиға 1-нен 2 қарашаға қараған түні Петропавлдағы «Арбат» дәмханасында болған. Сол түні дәмханада Астанадан келген ерлі-зайыптылар демалып отырған.

Куәгерлердің айтуынша, сол мекеменің күзетшісі қызметін атқарған Әлкешев келушілердің біріне себепсіз шабуыл жасап, дене жарақатын келтірген.

Жәбірленушінің жұбайы оқиғаның бір бөлігін видеоға түсіріп үлгерген.

«Мені арнайы жасақ өкілдері ұрып-соқты»

7 қараша күні полиция спортшыны көшеде ұстаған. Ресми нұсқада — ол құқық қорғау органдарына қарсылық көрсеткен деп көрсетілген.

Алайда, боксшының өз сөзі басқа:

«Мені көшеде кетіп бара жатқан жерімнен ұстап алды. ҰҚКБ мен арнайы жасақ өкілдері тепкілеп, ұрып-соқты. Кейін ауруханаға апарып, жарақаттарымды тіркеді де, “өзім құлап қалдым” деп мәжбүрлеп жазғызып алды.

Өміріме қауіп төніп тұрған соң, қағазға қол қойдым. Егер маған бірдеңе болса, полицияның, атап айтқанда, ҰҚКБ мен арнайы жасақ қызметкерлерінің кінәлі екенін біліңіздер», — дейді Дамир Әлкешев өз бейнежазбасында.

Спортшы Қазақстан Президентінен, Ішкі істер министрінен және Бас прокурордан бұл жағдайды жеке бақылауға алып, әділдік орнатуға шақырды.

22 жастағы боксшы ауруханада күзетпен жатыр. Дәрігерлер емдеу курсы аяқталған соң оны уақытша ұстау изоляторына көшіру жоспарланып отырғанын хабарлады.

Ал Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті боксшының мәлімдемесіне байланысты қызметтік тергеу басталғанын растады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір