Жарнама
Жарнама
Қазақстандық ауыр атлет әлемдік рекорд иесін артта қалдырды
instagram/@wf_rk

Қазақстандық ауыр атлет әлемдік рекорд иесін артта қалдырды

Нұрғиса Әділетұлы 2025 жылғы Ислам ынтымақтастық ойындарында алтын медаль жеңіп алды.

94 келіге дейінгі салмақтағы үздік нәтиже

Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ойындарында Нұрғиса Әділетұлы 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, «жұлқа көтеру» сайысында бірінші орын иеленді.

Қазақстандық спортшы бұл жаттығуда 175 келіні көтеріп, қарсыластарынан басым түсті.

Әлемдік рекорд иесімен тартыс

Алтын медаль үшін күресте Нұрғиса Иран елінің өкілі, әлемдік рекорд иесі Алиреза Моейнимен бақ сынады.

Моейни бұған дейінгі әлем чемпионатында 182 келі нәтижесімен рекорд орнатып, күміс медаль иеленген. Дегенмен бұл жолы ол 171 келімен екінші орынға тұрақтады.

Үшінші орын түркиялық Хакан Курназға бұйырды — оның нәтижесі 165 келі.

Жарнама
Жарнама