Исламиада-2025: Қазақстан үстел теннисінен «алтын» жеңіп алды
Қазақстан Эр-Риядта өтіп жатқан VI Ислам ынтымақтастығы ойындарында үстел теннисінен айқын жеңіске жетті.
Қазақстан ерлер құрамасы финалда Иран командасымен кездесіп, жоғары дайындық деңгейі мен мықты командалық бірлігін көрсетті. Матчтың алғашқы минуттарынан-ақ қазақстандық спортшылар ойынның ырғағын өз бақылауында ұстап, қарсыласына еш мүмкіндік бермеді.
Финалдық есеп – 8:1. Матчтың әр партиясында біздің теннисшілер сенімді ойын өрнегін көрсетті.
Негізгі кездесулердің нәтижесі:
- Алан Құрманғалиев / Айдос Кенжеғұлов – Сейед Мохаммад / Беньямин Фараджи — 2:1
- Кирилл Герасименко – Сейедамирхоссейн Ходаеи — 3:0
- Алан Құрманғалиев – Беньямин Фараджи — 3:0
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.