Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстан Ислам ынтымақтастығы ойындарында медаль иеленді

Сарапшы, спорт журналисі
12.11.2025, 17:05

Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында зілтемірші Артем Антропов ел қоржынына қола медаль салды.

olympic.kz
Реклама
Реклама

Артем Антропов – үздіктер қатарында

Спортшы 110 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, «толчок» жаттығуында үшінші орынға ие болды. Ең сәтті әрекетінде Антропов 223 келі салмақты көтерді. Алтын медальді өзбекстандық Акбар Джураев (227 кг) жеңіп алса, күміс жүлде ирандық Алиреза Насириға (224 кг) бұйырды.

«Серпе» кезеңінде Артем жетінші нәтиже көрсетсе, қос сайыстың қорытынды есебінде бесінші орын иеленді.

Артем Антропов кім?

Артем Антропов – тәжірибелі спортшы. Ол бұған дейін әлем чемпионы атанған, сондай-ақ Азия ойындары мен Азия чемпионатында бірнеше мәрте жүлдеге іліккен.

Ислам ынтымақтастығы ойындарында қазақстандық команда бүгінге дейін 27 медаль жеңіп алды:

  • 8 алтын
  • 7 күміс
  • 12 қола

Бұл көрсеткішпен Қазақстан командалық есепте төртінші орында тұр.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары