Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Елдос Сметовтың қашан жаттығуға кірісетіні белгілі болды

Сарапшы, спорт журналисі

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов жаттығуға қашан кірісетіні туралы сұраққа жауап берді. Семейде өтіп жатқан ел чемпионатында белгілі балуан жыл соңында жаттығуды бастауды көздеп отырғанын мәлімдеді.

Елдос Сметовтың қашан жаттығуға кірісетіні белгілі болды
Айдос Сметов. Фото: ҚДФ

Алайда Олимпиада чемпионының жарыстарға қай уақыттан бастап қатысатыны әзірге белгісіз. Оның барлығы спортшының бабына келуіне байланысты болмақ.

"Олимпиада ойындарынан кейін күресті қойдым деп мәлімдеме жасамадым. Алдағы жарыстарда сынға түсетінімді айттым. Жарақатты емдеп, ота жасаттым. Отадан кейінгі қалпыма келуге тырысып жатырмын. Иығым толық жазылған соң желтоқсан айында толық түрде жаттығуға кірісуді көздеймін. 2026 жылдың қай уақытында дайын боламын, сол кезде бір жарыста күресемін деп ойлаймын".

Бірақ спортшы дәл қай уақытта жаттығу бастайтынын айтпады:

"Нақты «мына жарыста сынға түсемін» деп қазір тап басып айта алмаймын. Оның белгілі бір уақыты белгіленбеді. Барлығы спорттық бабыма келуіме байланысты болмақ", - деді Елдос Сметов.

Елдос Сметов 2024 жылдың 27 шілдесінде Олимпиада чемпионы атанған болатын. Одан кейін тараздық дзюдошы татамиде күреспеді. Төртжылдықтың басты ойындарынан соң спортшы Лондонда тіл курсына қатысып, кейін иығына күрделі ота жасатты.

Айта кететін жайт, Елдос Сметов Париж Олимпиадасынан бөлек Рио және Токиода өткен ойындардың күміс және қола жүлдегері. Әлем және Азия чемпионы (2015, 2016), Азия ойындарының жеңімпазы.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір