Реклама
Реклама

Қазақстанның ӘЧ финалы үшін өткен матчы ірі есеппен аяқталды

Сарапшы, спорт журналисі
07.12.2025, 22:12

Соккадан Қазақстан құрамасы Канкунде (Мексика) өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатының финалына шыға алмады. 

instagram/@internationalsoccafed

Жауапсыз бес гол

Канкунде өткен жартылай финалдық кездесу Қазақстан үшін сәтсіз аяқталды. Ұлттық құрама Мексикадан 0:5 есебімен ойсырай ұтылды.

Бұл жеңілістен кейін Қазақстан құрамасы енді тек қола жүлде үшін таласа алады. Қарсылас Польша – Нидерланд жұбында ұтылған команда болмақ.

Ал Мексика финалда дәл осы жұптың жеңімпазын күтіп отыр.

Қазақстанның әлем чемпионатындағы жолы

Қазақстанның Канкундағы көрсеткіші жалпы алғанда әсерлі болды. Команда топтық кезең мен плей-оффта мынадай нәтиже көрсетті:

Топтық кезең:

  • Қазақстан – Уругвай: 4:1 (жеңіс)
  • Қазақстан – Франция: 1:1 (тартысты тең ойын)
  • Қазақстан – Нидерланд: 2:2 (күш тең түскен кездесу)

Ширек финал:

  • Қазақстан – Украина: 1:1, пенальти сериясы – 2:1

Қазақстан құрамасы жүйкесін тоздырған пенальти сериясында мықтылық танытып, жартылай финалға жолдама алған еді.

Реклама
Реклама