Реклама
Реклама

Үмітті кім ақтайды? Қазақстан тағы да төмен сырғыды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 15:00

Бүгін ақ олимпиадада Қазақстан құрамасы үш спорт түрінен сынға түседі. Олардың арасында медальге басты үміткерлердің бірі Абзал Әжіғалиев те бар.

Zakon.kz

Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан қысқы Олимпиада-2026 ойындарының тоғызыншы жарыс күні аяқталды. Ал, 15 ақпанда яғни төрткүл дүние көз тіккен дүбірлі доданың оныншы күні спортшылар тоғыз медаль жиынтығын сарапқа салды.

Қай спорт түрлерінде жүлде таратылды?

  • шаңғы жарысы
  • биатлон
  • конькимен жүгіру
  • тау шаңғысы
  • тұғырдан секіру
  • сноуборд
  • фристайл
  • скелетон

Жалпы медаль кестесінде Норвегия құрамасы көш бастап тұр. Екінші орында – Олимпиада қожайыны Италия, ал үшінші сатыда – АҚШ құрамасы.

Медаль кестесі (15 ақпан қорытындысы)

  1. Норвегия – 12 алтын, 7 күміс, 7 қола
  2. Италия – 8 алтын, 4 күміс, 10 қола
  3. АҚШ – 5 алтын, 8 күміс, 4 қола
  4. Нидерланды – 5 алтын, 5 күміс, 1 қола
  5. Швеция – 5 алтын, 5 күміс, 1 қола
  6. Франция – 4 алтын, 7 күміс, 4 қола
  7. Германия – 4 алтын, 6 күміс, 5 қола
  8. Австрия – 4 алтын, 6 күміс, 3 қола
  9. Швейцария – 4 алтын, 2 күміс, 3 қола
  10. Жапония – 3 алтын, 5 күміс, 9 қола
  11. Аустралия – 3 алтын, 1 күміс, 1 қола
  12. Ұлыбритания – 3 алтын, 0 күміс, 0 қола
  13. Чехия – 2 алтын, 2 күміс, 0 қола
  14. Словения – 2 алтын, 1 күміс, 1 қола
  15. Канада – 1 алтын, 3 күміс, 5 қола
  16. Оңтүстік Корея – 1 алтын, 2 күміс, 2 қола
  17. Қазақстан/Бразилия – 1 алтын

Қазақстан құрамасы бір алтын медальмен 17-орынға түсіп қалды. Бұған дейін ұлттық құрама жоғарырақ позицияда тұрған болатын.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан қоржынында бір ғана алтын медаль бар. Оны мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров жеңіп алды.

Олимпиада қашан аяқталады?

Қысқы Олимпиада-2026 ойындары 22 ақпанға дейін жалғасады. Алда тағы бірнеше жарыс күні бар, сондықтан медаль кестесіндегі жағдай өзгеруі мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін ақ олимпиадада Қазақстан құрамасы үш спорт түрінен сынға түседі. Олардың арасында медальге басты үміткерлердің бірі Абзал Әжіғалиев те бар. 

Реклама
Реклама