Абзал Әжіғалиев медальге таласады. Бүгін тағы кім жарыс жолына шығады?

Сарапшы, спорт журналисі

Ақ олимпиаданың оныншы күні Қазақстан құрамасы үш спорт түрінен сынға түседі. 

Абзал Әжіғалиев медальге таласады. Бүгін тағы кім жарыс жолына шығады?
Kursiv.kz

16 ақпан күні қысқы Олимпиада-2026 ойындарында Қазақстан құрамасы үш спорт түрі бойынша бақ сынайды. Жанкүйерлер қазақстандық спортшылардың өнерін отандық телеарналардан тікелей эфирде көре алады.

Тау шаңғысы: Ростислав Хохлов

Сағат 14:00-де ерлер арасында слалом жарысы басталады. Бұл бағдарламада Қазақстан атынан Ростислав Хохлов өнер көрсетеді.

Жүлделер сарапқа салынатын екінші кезең 17:30-ға жоспарланған. Тікелей трансляцияны "Qazsport" телеарнасы көрсетеді.

Шорт-трек: 500 метр

15:17-де ерлер арасында 500 метр қашықтықтағы шорт-трек жарыстары өтеді. Қазақстан құрамасынан Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша жарыс жолына шығады. Бұл сайысты "Хабар" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Фото: NUR.KZ

Шаңғымен тұғырдан секіру: командалық жарыс

Кешкі 23:00-де шаңғымен тұғырдан секіру бойынша командалық жарыс басталады. Қазақстан құрамасы сапында Илья Мизерных пен Данил Васильев өнер көрсетеді.

Бұл бәсекені "Qazsport" телеарнасынан көруге болады.

Қазақстан қай орында?

Тоғыз жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында бір медаль бар. "Алтынды" мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров әкелді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір