Алматы тұрғындары Денис Теннің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Сарапшы, спорт журналисі

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың жеңісінен кейін осылайша даңқты спортшымызды еске алды. 

Алматы тұрғындары Денис Теннің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
kz.kursiv.media

Алматы тұрғындары Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың жеңісінен кейін мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді еске алды. Бұл туралы “Курсив” хабарлады. 

Михаил Шайдоровтың Италияда өткен Олимпиададағы тарихи жеңісінен кейін қазақстандықтар әлеуметтік желілерде Денис Теннің есімін жиі атап, оның отандық спортқа қосқан үлесі туралы жазуда. 

“Михаилдың жеңісі Денисті еске салды. Денистің ескерткіші алдында жаңа гүлдер пайда болғанын аңғардым. Өзі болмаса да, оның ізі бар екенін сезгендеймін…”, – деп жазды.

Актер Абай Асылхан да Денис Теннің ескерткіші алдына барып, құрмет көрсеткен.

“Денис Теннің ескерткіші алдынан жай өткім келмеді. Михаилдың жеңісі Дениске деген сағынышты еске түсірді. Жарқ етіп жұлдыздай жанған батырларымыз аман болсын!”, – деп жазды актер.

Шайдоровтың тарихи жеңісі

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды.

Осы жеңістен кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыны II дәрежелі “Барыс” орденімен марапаттады.

Сондай-ақ:

  • әнші Димаш Құдайберген чемпионға автокөлік сыйлайтынын мәлімдеді;
  • inDrive компаниясының негізін қалаушы Арсен Томский Михаилдың әкесіне Audi Q8 автокөлігін тарту етті;
  • Ulytau Group компаниясы Астана қаласынан үш бөлмелі пәтер сыйлайтынын хабарлады.

Денис Теннің қазасы

Денис Тен – 2014 жылғы Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері. Ол 2018 жылы Алматы қаласында белгісіз біреулердің шабуылынан жарақат алып, кейін ауруханада көз жұмды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір