Ал Ресей құрамасы үздік үштікті түйіндеп тұр.
Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) футзал құрамаларының жаңартылған рейтингін жариялады. Соңғы тізімде Қазақстан құрамасы бір саты жоғарылап, төртінші орынға көтерілді.
Қазіргі рейтингте көшбасшылықты Португалия құрамасы сақтап қалды. Еуропаның үздік футзал құрамалары төмендегідей орналасқан:
Айта кетейік, Ресей құрамасы 2022 жылдан бері халықаралық жарыстардан шеттетілгеніне қарамастан, бұрын жинаған ұпайларының арқасында үздік үштікте қалуда.
Қазақстан құрамасы рейтингте 2384,943 ұпай жинап, бір сатыға жоғарылады. Алдағы халықаралық кездесулерде сәтті өнер көрсетсе, команда рейтингтегі орнын одан әрі жақсарта алады.
Қазақстан футзал құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама ала алмады. Іріктеу кезеңіндегі сәтсіздіктен кейін ұлттық құраманың бапкерлер штабында өзгеріс жасалды.
Команданы енді бұрын Қазақстан құрамасында және алматылық "Қайрат" клубында жұмыс істеген Какау жаттықтырады. Ол бас бапкер қызметінде бразилиялық маман Каканы алмастырды.