Реклама
Реклама

Түнгі тартыс: "Қайрат" Испанияда камбэк жасай ала ма?

Сарапшы, спорт журналисі
06.03.2026, 10:57

"Қайрат" футзал клубы Чемпиондар лигасының ширек финалы аясындағы қарымта матчта Испанияның "Картахена" командасымен кездеседі. Ойынның тікелей трансляциясы 00:30-да басталады.

Meta-ratings.kz

6 наурыздан 7 наурызға қараған түні Испанияның Картахена қаласында футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалындағы қарымта матч өтеді. Бұл кездесуде жергілікті "Картахена" клубы алматылық "Қайратты" қабылдайды.

Матчтың тікелей трансляциясы

"Картахена" – "Қайрат" кездесуі Қазақстан уақыты бойынша 00:30-да басталады. 

Сарапшылардың болжамына сәйкес, бұл ойында испаниялық клуб фаворит саналады.

Бірінші матчтың нәтижесі

Еске сала кетейік, командалар арасындағы алғашқы ойын Алматыда өткен болатын. Сол кездесуде "Қайрат" 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

  • 21-минутта Томас Браганың автоголы нәтижесінде алматылықтар есеп ашты. 
  • 25-минутта Дарио Хиль мен Жуниньо небәрі 10 секундтың ішінде екі гол соғып, матч тағдырын шешті.

Командалардың плей-оффтағы жолы

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде:

  • "Қайрат" бельгиялық "Андерлехтті" екі матчтың қорытындысы бойынша 12:6 есебімен жеңді.
  • "Картахена" мальталық "Сент-Эндрюсті" 14:2 есебімен ойсырата ұтты.
Реклама
Реклама