Қазақстанның атақты ауыр атлеті Илья Ильинге спорт саласындағы ұзақ жылғы еңбегі үшін арнайы зейнетақы тағайындалды.
Белгілі қазақстандық ауыр атлет Илья Ильинге еңбек сіңірген жылдары үшін спорттық зейнетақы тағайындалды. Бұл жаңалықты оның жары Татьяна Ильина Instagram парақшасында хабарлады.
Ерлі-зайыптылар бірлескен жазба жариялап, спортшы өміріндегі жаңа кезең басталғанын жеткізді. Жарияланымда Ильиннің спорттағы жолы ерекше бағаланғаны айтылған.
"Үш ғұмырға жететін мансап. Өткен аптада күйеуіме спорттағы еңбек өтілі үшін зейнетақы тағайындау туралы бұйрыққа қол қойылды. Қазақстанда мұндай құқыққа Олимпиада чемпиондары мен әлем чемпиондары ие болады. Олар спортқа өмірінің 20 жылдан астам уақытын арнаған болуы керек.
Оның жүріп өткен жолына қарасам, бір ой келеді: Илья небәрі 37 жаста, бірақ осы уақыттың ішінде бірнеше спорттық ғұмырға татитын мансапты бастан өткерді", — делінген жазбада.
Илья Ильин — Қазақстан Республикасының ауыр атлетикадан еңбек сіңірген спорт шебері. Зілтемірші спорттық мансабында бірнеше ірі табысқа жетті
Кейін бұл жетістіктер допинг дауына байланысты қайта қаралып, спортшы Олимпиада жүлделерінен айырылған.