Реклама
Реклама

Паралимпиада-2026: Ербол Хамитов тағы бір медаль үшін сынға түсті

Сарапшы, спорт журналисі
15.03.2026, 15:37

Бұған дейін отандасымыз парабиатлондағы спринттік қуу жарысында алтын медаль жеңіп алған болатын. 

Nur.kz

Италияда өтіп жатқан Паралимпиада-2026 ойындарында парашаңғыдан ерлер арасындағы 20 шақырымдық жеке жарыс өтті. Бұл дисциплинада Қазақстан атынан Ербол Хамитов өнер көрсетті.

Хамитов жетінші орын алды

20 шақырымдық қашықтықта қазақстандық параспортшы жарысты жетінші орынмен аяқтады. Ол жеңімпаздан 1 минут 59,2 секундқа қалып қойды.

Алтын медальді Ресей спортшысы Иван Голубков жеңіп алды. Ол дистанцияны 51:55.0 уақытта еңсерді.

Екінші орынды Қытай өкілі Мао Джангву иеленді (+50.8), ал қола жүлде италиялық Джузеппе Ромелеға бұйырды (+1:22.1).

Хамитов Паралимпиадада екі медаль жеңіп алды

Айта кетейік, Ербол Хамитов Паралимпиада-2026 ойындарында Қазақстан құрамасына екі медаль сыйлады.

  • Парабиатлондағы спринттік қуу жарысында алтын медаль жеңіп алды
  • Парашаңғыдан спринт жарысында қола жүлдеге ие болды.

Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан Қысқы Паралимпиада ойындары бүгін, 15 наурыз күні, ресми түрде аяқталады.

Реклама
Реклама