Қазақстандық паралимпиадашы "алтын" үшін қанша сыйақы алады?

Сарапшы, спорт журналисі

Паралимпиада-2026 ойындарында парабиатлоннан алтын медаль алған Ербол Хамитов қомақты сыйақыға ие болады.

Қазақстандық паралимпиадашы "алтын" үшін қанша сыйақы алады?
centralmedia24

Паралимпиада чемпионына берілетін сыйақы мөлшері белгілі

Қазақстанда Паралимпиада ойындарының алтын жүлдегерлеріне 250 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырылған. Бұл шамамен 122,4 миллион теңгеге тең.

Осылайша Ербол Хамитов Италиядағы тарихи жеңісі үшін дәл осындай көлемде қаржылай марапат алады.

Ербол Хамитов жарыста қалай жеңіске жетті?

Парабиатлоншылар арасындағы спринттік қуу жарысының финалында қазақстандық спортшы қашықтықты 9 минут 39,0 секундта еңсерді. Ол нысана көздеуде бір рет мүлт кеткенімен,э қарсыластарынан озып, жарыс жеңімпазы атанды.

Күміс медальді Украина өкілі Тарас Радь иеленді. Ал қола жүлде Қытай спортшысы Лю Цзысюге бұйырды.

Аталған сайыста Қазақстан намысын Ербол Хамитовтан бөлек, Сергей Усольцев пен Юрий Березин де қорғады.

Хамитов бұған дейін де жүлде алған

Айта кету керек, Ербол Хамитов осы Паралимпиадада бұған дейін парашаңғы спринтінен қола медаль місе тұтқан. Бұл жүлде үшін оған 75 мың доллар көлемінде сыйақы беріледі. Теңгеге шаққанда бұл шамамен 36,7 миллион.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір