Қазақстандық садақшылар Әлем кубогында үздік нәтиже көрсетті

Спорт шолушысы
Бүгін, 10:40

Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан садақ атудан Әлем кубогының үшінші кезеңінде Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, турнирдің үздік командаларының қатарына қосылды.

Olympic.kz

Блокты садақ атудан аралас командалар арасындағы бәсекеде Виктория Лян мен Ақбаралы Қарабаев сәтті өнер көрсетті. Қазақстандық спортшылар жарыстың ширек финалына дейін жетіп, бұл кезеңде Мексика құрамасымен кездесті. Тартысты өткен матчта қарсыластар 158:155 есебімен басым түсіп, дуэт жарысты алтыншы орынмен аяқтады. Ширек финалға дейінгі жолда отандастарымыз Малайзия және Германия құрамаларын жеңіп, өз шеберліктерін көрсетті. 

Командалық жарыстардағы нәтижелер

Әйелдер арасындағы командалық сайыста Виктория Лян, Диана Юнусова және Адель Жексенбинова ел намысын қорғады. Қазақстан құрамасы жарысты жетінші орынмен аяқтап, кезеңнің үздік он командасының қатарына енді.             

Ал ерлер арасында Ақбаралы Қарабаев, Мұса Ділмұхамет және Андрей Тютюн өнер көрсетіп, жарыс қорытындысы бойынша оныншы орынға тұрақтады.

Әлем кубогына 42 елдің спортшылары қатысуда

Садақ атудан Әлем кубогының үшінші кезеңі Антальяда 9-14 маусым аралығында өтуде. Байрақты бәсекеге 42 мемлекеттен 332 спортшы қатысып жатыр. 

Реклама
Реклама