Қазақстан чемпионатының үшінші кезеңі алғаш рет Екібастұзда өтті

Бас редактор
19.06.2026, 15:28

Жарыс Қала күні мерекесіне орай өткізілді. Бұған дейін жергілікті ипподром мұндай деңгейдегі бәйгені қабылдамаған болатын.

olimpbet.kz

Жарыс бағдарламасына төрт негізгі дисциплина енді. 7 шақырымдық Құнан бәйгеде 16 жүйрік бақ сынады. Мәреге бірінші болып Әли Қаупен мінген Айханым жетті. Екінші орынды Ерсұлтан Тілеуқабыл тізгіндеген Томми иеленсе, үздік үштікті Нұрислам Минасипов мінген Дария түйіндеді.

Фото: olimpbet.kz

Қазақстанда туған жылқылар арасындағы 7 шақырымдық бәйгеде Болат Әлімшайхы мінген Анадия жеңімпаз атанды. Екінші орын Никита Ходырев тізгіндеген Зымыранға бұйырса, үшінші болып Санжар Бақтыбай мінген Раушан келді.

Фото: olimpbet.kz

12 шақырымдық Топ бәйгеде 13 жүйрік жарыс жолына шықты. Мәреге алғаш болып Анвархан Нұрсұлтан тізгіндеген Алтын алқа жетті. Екінші орынды Ерсұлтан Тілеуқабыл мінген Назик иеленсе, үшінші нәтиже Ертилеу Адамия басқарған Әл-Хадидке тиесілі болды.

Фото: olimpbet.kz

Күннің соңғы жарысы – 18 шақырымдық Аламан бәйге болды. Бұл сында Нұрислам Сайлау мінген Ботагөз топ жарды. Екінші болып Нұралы Айтқабыл тізгіндеген Ұлытау келсе, үшінші орынды Ерсұлтан Тілеуқабыл мінген Торқа иеленді. Осылайша Ерсұлтан Тілеуқабыл жарыс күнінде үшінші рет жүлдегер атанды.

Фото: olimpbet.kz

Қазақстан чемпионатының бас демеушісі бірнеше маусым қатарынан Olimpbet компаниясы болып келеді. Турнирдің келесі кезеңі 4 шілде күні Павлодар қаласында өтеді.

Реклама
Реклама