Азия чемпионаты. Қазақстан құрамасы эстафеталық жарыста үздік болды (ВИДЕО)

Бокс шолушысы
20.06.2026, 19:47

Жеңіл атлетика ұлттық құрама Қытайдың Шаосин қаласында эстафеталық жүгіруден Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды.

olympic.kz

Қазақстан аралас эстафетада топ жарды

Қазақстан құрамасы 4х400 метрлік аралас эстафетада үздік нәтиже көрсетті. Ел намысын Эльнор Мұхитдинов, Мария Шувалова, Андрей Соколов және Аделина Земс қорғады.

Қазақстандық төрттік мәреге 3:16.75 уақыт көрсеткішімен қарсыластарынан басым түсті.

Бұл сайыста күміс медаль Үндістан құрамасына бұйырды. Үндістандық спортшылардың нәтижесі – 3:17.06. Үшінші орынды жарыс қожайыны Қытай құрамасы иеленді. Қытайлық жеңіл атлеттердің көрсеткіші – 3:17.20.

Қазақстан тағы да жүлдеге таласады

Эстафеталық жүгіруден Азия чемпионаты 21 маусымда аяқталады. Алдағы жарыс күндері Қазақстан құрамасы ерлер және әйелдер арасындағы 4х400 метрлік эстафеталарда бақ сынайды.

Қытайдағы құрлықтық додада қазақстандық жеңіл атлеттер ел қоржынына тағы да медаль салуға мүмкіндік алады.

Реклама
Реклама