"Қайраттың" капитаны командадан кетті

Бокс шолушысы
Бүгін, 18:35

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Біржан Оразов сегіз жыл өнер көрсеткен "Қайратпен" ресми түрде қоштасты.

Instagram/@afckairat

"Қайрат" Оразовтың кеткенін хабарлады

Клубтың баспасөз қызметі футболшыға алғыс айтып, оның команда тарихында ерекше орны бар екенін атап өтті.

"Біздің капитанымыз, біздің мақтанышымыз. Біржан, сізбен бірге көптеген қиындықты еңсеріп, талай қуанышты сәтті бастан өткердік. Алаңдағы әрбір әрекетіңіз нағыз капитанға тән қадам болды. Жаңа жолыңыз ашық болсын! Біз сізді әрдайым мақтан тұтамыз. Жеңісті күндерде кездескенше!" — делінген клубтың хабарламасында.

"Қайратта" сегіз жыл ойнады

Біржан Оразов бұған дейін алматылық клубтан кететінін хабарлаған. Қазақстан құрамасының капитаны "Қайрат" сапында сегіз жыл бойы өнер көрсетті.

Осы уақыт аралығында команданың көшбасшыларының біріне айналып, ішкі және халықаралық жарыстарда клуб намысын қорғады.

Оразовтың алматылықтар құрамындағы соңғы есте қаларлық ойыны Қазақстан чемпионатының 2025/2026 жылғы маусымындағы финалдық серияда болды. "Қайрат" шешуші бесінші кездесуде "Семеймен" ойнады. Матчтың негізгі уақыты тең есеппен аяқталып, жеңімпаз қосымша уақытта анықталды.

Бірінші овертаймда шешуші голды Біржан Оразов соқты. Нәтижесінде "Қайрат" 3:2 есебімен жеңіске жетіп, финалдық серияда басым түсті.

Осы жеңістің арқасында алматылық клуб өз тарихында 22-рет Қазақстан чемпионы атанды.

Реклама
Реклама