Жарнама
Жарнама

ӘЧ-2026: Қазіргі бессайыстан ел намысын қорғайтын спортшылар анықталды

U19 санатындағы дүбірлі дода Испанияның Мадрид қаласында өтеді. 

ӘЧ-2026: Қазіргі бессайыстан ел намысын қорғайтын спортшылар анықталды
olympic.kz

Жуырда қазіргі бессайыстан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Байрақты бәсеке биыл Испания астанасы Мадрид қаласында ұйымдастырылады. 22-28 тамыз күндеріне жоспарланған жарысқа Қазақстан атынан жеті спортшы бақ сынайды. 

Қазақстан атынан кімдер қатысады?

U19 әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы сапынан мына спортшылар барады:

  1. Ерасыл Артықбай
  2. Степан Варехин
  3. Артур Лапин
  4. Амаль Құсайынов
  5. Диана Щедрова
  6. Сабина Ахмедина
  7. Яна Беспалова

U19 әлем чемпионаты қазақстандық спортшылар үшін халықаралық деңгейде тәжірибе жинап, өз әлеуетін көрсетуге маңызды мүмкіндік болмақ.

Мадридтегі жарыста Қазақстан құрамасы қазіргі бессайыстың бірнеше бағыты бойынша бәсекеге түседі.

Жарнама
Жарнама