Бибісара Асаубаева АҚШ-та чемпиондық үшін күресті жалғастыруда
Қазақстандық шахматшы АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өтіп жатқан Cairns Cup 2026 супертурнирінде жеңіске жету мүмкіндігін сақтап қалды.
Алтыншы турда тең түсті
Бибісара Асаубаева алтыншы турда АҚШ өкілі Кларисса Иппен кездесті. Қазақстандық гроссмейстер қара түспен ойнап, партияны тең нәтижемен аяқтады. Осы ойыннан кейін Асаубаеваның қоржынында 3,5 ұпай бар. Ол Дивья Дешмух және Ставрула Цолакидумен бірге 3-5 орындарды бөлісіп тұр.
Турнир көшін қытайлық Тань Чжунъи бастап келеді. Оның еншісінде 4,5 ұпай бар. Екінші орында 4 ұпаймен америкалық Элис Ли лидерлер қатарын толықтырды.
Асаубаеваны тағы үш партия күтеді
Турнирдің аяқталуына үш тур қалды. Қазақстандық шахматшы көшбасшыдан бір ұпайға ғана қалып келеді. Сондықтан Бибісараның чемпиондық үшін күресті жалғастыруға мүмкіндігі бар.
Асаубаеваның алдағы партияларының кестесі:
-
17 тамыз, 7-тур: Бибісара Асаубаева - Ставрула Цолакиду;
-
18 тамыз, 8-тур: Тань Чжунъи - Бибісара Асаубаева;
-
19 тамыз, 9-тур: Бибісара Асаубаева - Конеру Хампи.
Еске салсақ, Cairns Cup 2026 турнирінің жалпы жүлде қоры 250 мың долларға тең.