ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

16 жастағы қазақстандық гимнаст әлем чемпионатында үздіктер қатарында

Қазақстандық көркем гимнаст Ақмарал Ерекешева Германияның Франкфурт-на-Майне қаласында өткен әлем чемпионатындағы өнерін жоғары нәтижемен аяқтады.

16 жастағы қазақстандық гимнаст әлем чемпионатында үздіктер қатарында
Olympic.kz

16 тамызда қазақстандық спортшы таспамен және ұршықтармен орындалатын жаттығулардың финалдық кезеңіне қатысты. Ұршықтармен орындалған бағдарламасы үшін спортшы төрешілерден 29,400 балл алды. Осы нәтиже қазақстандық гимнастқа финал қорытындысы бойынша бесінші орын иеленуге мүмкіндік берді.

Бұл сында Болгария өкілі Стилиана Николова чемпион атанды. Екінші орын украиналық Таисия Онофрийчукке бұйырса, бейтарап мәртебеде өнер көрсеткен Мария Борисова қола жүлдеге ие болды. Франкфурттағы әлем чемпионатының жеке бағдарламасына әлемнің 73 елінен 102 гимнаст қатысты.

Таспамен орындауда сегізінші болды

Ерекешева таспамен орындалған бағдарламасында 27,350 балл жинады. Нәтижесінде спортшы осы жаттығудың финалында сегізінші орынға тұрақтады.

Ақмарал Ерекешева үшін бұл ересектер арасындағы қатысқан алғашқы әлем чемпионаты. Бұған дейін ол жеке көп сайыста алтыншы орынды жеңіп алған. 16 жастағы гимнаст 2025 жылы юниорлар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған алғашқы қазақстандық спортшы атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.