70 жастағы әженің күші елді тәнті етті: 30 келі қойды 40 рет көтерді

Жарнама
Жарнама

Ерлер арасында қойды көтеріп, 1070 рет отырып-тұрса, тағы бір спортшы оны 1010 рет көтерді. 

70 жастағы әженің күші елді тәнті етті: 30 келі қойды 40 рет көтерді
biysk.bezformata.com

Шығыс Қазақстан облысында өткен Nomad Álemi заманауи көшпенділер фестивалінде 70 жастағы әйел ерекше қабілетімен көпшілікті тәнті етті.

Қасым Қайсенов кентінде өткен фестивальде зейнеткер салмағы 30 келі болатын қой макетін 40 рет көтерді.

Ерлер арасында қой макетімен 1070 рет отырып-тұрса, тағы бір спортшы оны 1010 рет көтерген. Бұл фестивальдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі болды.

Фестивальге 2 мыңнан астам адам қатысты

Іс-шараның спорттық бағдарламасы шамамен бес сағатқа созылды.

Оған 2 мыңнан астам адам қатысып, ұлттық және дәстүрлі спорт түрлерінен бақ сынады.

Бағдарламада:

  • арқан тарту;
  • дәстүрлі садақ ату;
  • ләңгі тебу;
  • қой макетін көтеру;
  • белбеу күресі;
  • асық ату сайыстары ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның негізгі мақсаты тек жеңімпаздарды анықтау емес, көшпенділердің дәстүрлі ойындарын жаңғыртып, оларды қазіргі қоғамға қайта таныту болған.

Жарнама
Жарнама