Қазақстан құрамасы шахмат Олимпиадасында кезекті жеңісіне жетті
Самарқандта 46-шахмат Олимпиадасының екінші туры Қазақстан құрамалары үшін сәтті аяқталды.
Әйелдер Босния және Герцеговинадан басым түсті
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, Қазақстан әйелдер құрамасы рейтингте 49-орында тұрған Босния және Герцеговина командасын 3:1 есебімен жеңді.
Бибісара Асаубаева мен Зарина Нұрғалиева өз партияларын тең нәтижемен аяқтады. Ал Меруерт Қамалиденова мен Елназ Қалиахмет қарсыластарынан басым түсіп, ұлттық құрамаға толық ұпай әкелді.
Ерлер Нигерияны ірі есеппен жеңді
Қазақстанның ерлер командасы екінші турда рейтингтің 84-сатысында тұрған Нигерия құрамасымен кездесті. Матч 3,5:0,5 есебімен қазақстандық шахматшылардың сенімді жеңісімен аяқталды.
Денис Махнев, Алдияр Аңсат және Жандос Ағманов өз тақталарында жеңіске жетті. Даниял Сәпенов қарсыласымен ұпай бөлісті.

Шахмат Олимпиадасының үшінші турындағы кездесулер ертең өтеді. Жалпы жарыс 11 турдан тұрады және 27 қыркүйекте мәресіне жетеді.