Азия ойындары: Қазақстанға ширек финалда азулы қарсылас түсті
Жеңімпаз команда Азия ойындарының жартылай финалына шығады.
Қазақстанның әйелдер волейбол құрамасы 2026 жылғы Азия ойындарының ширек финалында Оңтүстік Кореямен кездеседі. Олар D тобын бірінші орынмен аяқтады.
Ал Қазақстан плей-оффқа екінші орынмен шықты.
Топтық кезеңде қазақстандықтар Филиппин құрамасын 3:1 есебімен жеңсе, кейін Қытайға 0:3 есебімен жол берді.
Кореялықтар Гонконг пен Катарды 3:0 есебімен ұтты. Ал Вьетнамға қарсы матчта 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Ширек финал 20 қыркүйекте өтеді
Қазақстан – Оңтүстік Корея ширек финалдық кездесуі 20 қыркүйекте өтеді.
Матчтың басталу уақыты – 12:00, Астана уақытымен.
Жарнама
Жарнама