ҚПЛ
Жарнама
Жарнама
Қазақстан Азиаданың алғашқы "алтынын" жеңіп алды
olympic.kz

Қазақстан Азиаданың алғашқы "алтынын" жеңіп алды

Велошабандоз Рината Сұлтанова 2026 жылғы Азия ойындарында топ жарып, ел қоржынына алғашқы алтын медаль салды. 

Қарсыластарын шаң қаптырып кетті

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында әйелдер арасындағы тасжол велоспортының жекелей жарысы мәресіне жетті.

Қазақстан намысын қорғаған Рината Сұлтанова белгіленген қашықтықты 36 минут 23,72 секундта бағындырып, жарыс жеңімпазы атанды.

Күміс медаль қытайлық Чжан Хаоға бұйырды. Оның нәтижесі — 36:28.40. Ал Оңтүстік Корея өкілі Син Джиын 36:56.14 көрсеткішімен қола жүлдені иеленді.

Қазақстан қоржынында екі медаль бар

Бұл — Қазақстан құрамасының Азия ойындарындағы алғашқы алтын жүлдесі. Бұған дейін триатлоннан ерлер арасындағы бәсекеде Арлан Жаңабай қола медаль жеңіп алған. 

2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстан намысын 559 спортшы қорғайды. Жалпы жарысқа 11 мыңнан астам атлет қатысып, спорттың 43 түрі мен 71 дисциплинасы бойынша 469 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Жапониядағы дүбірлі дода 4 қазанға дейін жалғасады.

Жарнама
Жарнама